Мұрат Әйтенов: «Шымкентте отбасыға деген құрмет ерекше»

241

Шымкенттік талантты балалар өнерін шыңдауға жаңа мүмкіндік. Келер жылы қаладағы жаңа өнер мектебі оқушыларды қабылдауды бастайды. Құрылысы жақында ғана аяқталған нысанды алғашқылардың бірі болып қала әкімі тамашалады.


Мұрат ӘЙТЕНОВ, Шымкент қаласының әкімі: «Шымкент қаласында, оңтүстік өңірде жанұяға деген көзқара ерекше. Жанұя құру да, оны қадірлеу де жоғары орынға ие. Оны үлкен аға-апаларымыз біледі».

Жаңа мектеппен танысып шыққан шаһар басшысы Мұрат Әйтенов кейін отбасылық байқау жеңімпаздарын марапаттады. Айта кетейік, республикалық байқау биыл онлайн түрде өткен. Ал, оған қатысушылар өз өнерлерін онлайн форматта көрсетіпті.

Төлегеновтер отбасы: «Бұл видео арқылы отбасы одан сайын ұйи түсті деп ойлаймын. Ынтымақ күшейе түсті. Кішкентайларға үлкен адамды сыйлау дегеннің не екені түсіндірілді. Өте қуаныштымыз».

Өнер ошағы 150 балаға арналған. Онда түрлі аспапты үйретуден бөлек, ән айту мен биге де бейімдейді. Айта кетейік, ғимарат құрылысы осыдан 2 жыл бұрын басталған еді. Содан бері кірпіші қаланған нысан құрылысы ақыры биыл аяқталды. Ол үшін бюджеттен 621 млн. 580 мың теңге кеткен.

Назерке Үкібасова