Облыстағы әр төртінші бала семіздікпен күресуге мәжбүр

189
Obese fat boy check stomach by stethoscope. Tight shirt of pajamashealthy concept

Шымкент пен Түркістан облысындағы әр екінші тұрғында артық салмақ бар. Семіздікпен өңірдің кішкентай тұрғындары да күресуге мәжбүр. Аймақта бұл кемшілік әр 4-ші жасөспірімде кездеседі екен. Осылай деген аумақ ақ халаттылары мұның соңы ұрпақсыз қалуға апаратынын айтып дабыл қағып отыр.

Семіздік соңы ұрпақсыз қалумен аяқталуы мүмкін. Осылай деген аймақ дәрігерлері қаладағы әр екінші тұрғында артық салмақ барын айтады. Бұл кемшіліктен кішкентай балалар да алыс емес екен. Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша әр төртінші бала семіздікпен күресуге мәжбүр.

Осылай деген дәрігерлер семіздіктің соңы қант диабеті, жүрек қан тамыр ауруларына ұласуы мүмкін дейді. Мұның алдын алу үшін дәрігерлер дұрыс тамақтануға, белсенді өмір сүруге кеңес береді. Тез дайындалатын тағамдардан барынша алыс жүру деген ақ халаттылар ас атасының да мөлшерін азайтуды ұсынып отыр.

Дәрігерлердің бұл кеңесімен қала тұрғыны Венера Шертаева да келіседі. Көпбалалы ана балаларға асты тек өз қолыммен дайындап беремін дейді. Және кішкентайларының фаст-фудқа қызығатынын да жасырмайды. Сөзінше балаларын зиянды астан алыстататын өзіндік құпиясы бар.

Еске салайық, осыдан біраз бұрын сенат депутаты елдегі әр бесінші баланың семіздікке ұшырағынын айтып дабыл қаққан еді. Және мұның себебін теледидардағы қызылды жасылды жарнамадан көрді. Шенеунік сөзінше елімізде зиянды тағамдар жарнамасы теледидардан жылына 10 мың рет көрсетіледі.

Назерке Үкібасова