Түркістан облысы: 10 айда жол-көлік оқиғаларында 42 адам қайтыс болған

258

Ағымдағы жылдың 10 айында Түркістан облысында жол-көлік оқиғаларында 42 адам қайтыс болған.

 

Жол көлік оқиғасының орын алуына басты себеп жол жүру ережесін сақтамау болып табылады дейді пагондылар

Былтыр дәл осы мерзім аралығында да 42 адам көз жұмған болатын. Осы  және өзге де мәселелер облыс әкімдігі жанындағы құқықбұзышылықтың алдын алу ведомствоаралық комиссиясының отырысында талқыланды.
Есепті мерзімде облыс аумағында 649 жол көлік оқиғасы орын алған. Онда 191 адам қайтыс болып, 797-сі жарақат алыпты.

Республикалық маңызы бар күре жолда 68 жол-көлік оқиғасында 42 азамат қайтыс болған. Жол -көлік оқиғаларының басым бөлігінде жылдамдықты асыру фактісі тіркелген. Қайғылы оқиғалардың санын азайту мақсатында жол полициясына жол ережелерін қатаң орындауға бағытталған іс шараларды күшейту міндеттелді.

Шынар Оразова