«Үй аулаларына камера орнату керек»

317

«Үй аулаларына бейнекамера орнату керек». Осылай деген Шымкенттің бас полицейі құрылғы арқасында ашылған қылмыстардың көбейгенін айтады.

Бүгінде тұрғын үйлер алдына 2 462 бақылау камерасы қондырылған. Соның арқасында бір айда 3 қылмыс ізі суымай ашылыпты. Олардың барлығы да есірткі саудасына қатысты екен.

Айта кетейік, 16 қарашадан 7 желтоқсанға дейін Шымкентте 955 қылмыс тіркелген. Оның 9 тонау болса, 26 бұзақылық, тағы 269 ұрлық және 27 пәтер ұрлығы. Осылай деген Ералы Жұмаханбетов енді жеке сетор тұрғындарын да камера орнатуға шақырып отыр.

Назерке Үкібасова