Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желіде Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының орынбасарының тағайындалуы туралы ақпарат бойынша келесіні хабарлаймыз.
Керімбекова Ақбота Шатырханқызы Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасында шығармашылық және концерттік саланы жетекшілік ету бойынша келісімшарт негізінде қызмет атқаруда және мемлекеттік қызметкер болып табылмайды.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 26-бабына сәйкес «Б» корпусының мемлекеттік лауазымдарына алғаш рет кіретін немесе мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін оған қайтадан кіретін азаматтар мынадай іріктеу кезеңдерінен өтеді: 1) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тесттен өту; 2) уәкілетті органның қорытындысын ала отырып, жеке қасиеттерін бағалату; 3) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған жалпы конкурс.
Сонымен қатар осы заңның 15-бабы 2-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметке алғаш рет кіретін немесе оны тоқтатқаннан кейін қайтадан кіретін азаматтарды мемлекеттік әкімшілік лауазымға тағайындау арнайы тексерудің оң нәтижелері алынғаннан кейін жүзеге асырылады, 20-бабы 1-тармағына сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет кірген азаматтар үшін олардың атқаратын мемлекеттік лауазымдарға сәйкестігін тексеру мақсатында сынақ мерзімі белгіленеді.