Биыл Шымкентте автобустарды 80 пайызға жаңарту көзделуде

61

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов дәстүрге сай «Instagram желісінде тікелей эфирде тұрғындармен жүздесті. Қала әкімі эпидемиологиялық ахуалдан хабардар етіп, тұрғындар сауалдарына жауап берді.

Өткен тәулікте қалада COVID-19 инфекциясын жұқтырған 25 жағдай тіркелді. Бүгінде шаhарда 1 060 төсек — орын бар (жұқпалы — 560, карантиндік — 500), 843 төсек-орны бос. Жұқпалы және карантиндік ауруханаларда 217 науқас ем қабылдауда.
Қала әкімі осы аптадан бастап әр тікелей эфирді белгілі бір тақырыпқа арнауды жоспарлаған болатын. Бұл туралы өзінің жеке парақшасында хабарлап, тұрғындардан сұрақтар мен ұсыныстарды пост астына жазып қалдыруын сұраған еді.

Мұрат Дүйсенбекұлы бүгін қаладағы қоғамдық көлік мәселесін талқылады. Жалпы тұрғындардан тақырып бойынша 128 пікір қалдырылған. Қала әкімі қоғамдық көлік мәселелері бойынша сұрақтарға жауап беріп, алдағы жоспарлардан хабардар етті.
2020 жылы жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасы және жаңа маршруттық желісі әзірленіп, бекітілді. 78 жаңа бағыттар қаладағы барлық тұрғын алаптар мен шағынаудандарды байланыстырады.2021 жылы Шымкентте автобустарды 80 пайызға дейін жаңарту көзделуде.

Шымкент қаласында эпидемиологиялық жағдай бүгінде тұрақты. Қала әкімі әлі де сақтық шараларына мән беру қажет екенін мәлімдеді.