Мегаполистерде мәслихат депутаттарының қатары артып, Түркістан облысында кеміді

147
фото Егемен Қазақстан

Алтыншы шақырылымдағы Шымкент қалалық мәслихатының депутаттары саны 29 болса, енді жетінші шақырылымда бір адамға толығып, 30 халық қалаулысы шаһардың дамуына ат салысады.

Айта кететін жәйт, алтыншы шақырылымдағы Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатында депутаттардың саны 25  болған. Осы сайлаудан кейін, жетінші шақырылымдағы қалалық мәслихатқа депутаттық мандатқа 31-і  халық қалаулысы  ие болады.

Алтыншы шақырылымдағы Алматы қалалық мәслихатында депутаттық корпус 37 халық қалаулысынан тұрған болса, енді жетінші шақарылымдағы қалалық мәслихатта олардың қатары 2 халық қалаулысымен толығып, 39-ға жетті.

Алтыншы шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатында 50 депутат болса, жетінші шақырылымда олардың саны 5 адамға кеміп, 45 халық қалаулысын құрайды.

Шынар Оразова