Қала тұрғындарын сайлаудың барысымен таныстыру мақсатында арнамыздың түсіру тобы сайлау учаскелерін аралауда.
Кіре берісте дене температурасы тексерілгеннен кейін, қолымызды санитайзермен жуып, редакциялық тапсырма негізінде қызметімізге кірістік. Шымкент қаласындағы№1 сайлау учаскесінде мекен жайы бойынша тіркелген қала тұрғындары келіп, дауыс беруде. Айта кететін жәйт, мұнда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға Конституциялық құқытарын пайдалануға мүмкіндік жасалған.
Сайлаудың барысын бес партияның бақылаушылары арнайы белгіленген орыннан бақылауда. «Әзірге заңбұзушылықтар анықталмады»,- дейді олар.
Ескеретін жәйт, коронавирусқа байланысты қала аумағында жалғасып жатқан карантинге қатысты сайлау учаскесінде комиссия мүшелері санитарлық талаптардың орындалуын қатаң бақылауда. Әрбір сайлаушы дауыс бергенде жеке қаламсап қолданады. Бетпердесі жоқ сайлаушылар масқамен де қамтамасыз етілуде. Сайлау учаскесіндегі тәртіпті Абай аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері қадағалауда.
Бүгін 10 қаңтарда Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлауы өтуде. Біз Шымкет қаласындағы №1 сайлау учаскесінің алдында тұрмыз. Мұнда 2772 сайлаушы тіркелген. Әзірге сағат 11-лерге 55 адам дауыс берген. Айта кететін жәйт, сайлаудың барысын бақылаушылар бақылап отыр. Сайлау учаскесінде барлық санитарлық талаптар сақталуда.
Сайлаушы: «Дауыс бердік. Барлығы жақсы. Санитарлық талаптар орындалуда».
Сайлаушы :»Дауыс бердім. Мен өз басым өркендеген Қазақстан үшін дауыс бердім. Біз басқа елге қоныс аудармаймыз. Туған жерімізде қаламыз, мемлекеттік тілді қазақ тілін меңгереміз».
Шынар Оразова