«Shymkent» ӘКК» АҚ 30 инвестициялық жобаны жүзеге асыруды жоспарлауда

226
Фото: Береке Сейітжаппар

 

«Shymkent» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы Бауыржан Канкин қала әкіміне 2021 жылғы атқарылатын жұмыс жоспарларын баяндады.

2021 жылы «Shymkent» ӘКК» АҚ тарапынан жалпы 346,4 млрд теңгеге инвестициялық жобаларды тарту жоспарланып отыр. Атап айтқанда, білім беру саласында 13 жоба (28,2 млрд теңге), денсаулық сақтау саласында 4 жоба (6,9 млрд. теңге), шағын және орта бизнес (қызмет көрсету) саласында 4 жоба (1,1 млрд теңге), тұрғын үй кешендері бойынша 9 жобаны (310,2 млрд. теңге) жүзеге асыру жоспарлануда.

Басқарма төрағасының айтуынша, 2020 жылы ӘКК жалпы сомасы 84 983 900 000 теңгеге инвестиция тартты. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, бұл дегеніміз 2020 жылы қала экономикасының негізгі капиталына салынған инвестициялардың 30,4 %-н құрайды.

Инвестициялық жобалар қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қомақты үлес қоспақ. Сондай-ақ, аталған жобаларды іске асыру шағын және орта бизнестің дамуына зор септігін тигізеді.

QAINAR KÓZШымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі