Мәжілісмендер тағы да ант қабылдады. Бұл жолы жұрт алдында жауапкершілікті сезінем деп 6 депутат уәде берді. Олар бұған дейін Парламенттің төменгі палата отырысына келмеген.
Осыдан кейін халық қалаулылары су жаңа заң жобасын талқылауға көшті. Ол ауылдағы бюджетке байланысты.
Осылай деген депутаттар республикадағы баспана тақырыбына да тоқталды. Сөздерінше, елдегі әр азаматқа 20 соттық жер телімі берілуі керек. Сонда ғана пәтер жағалап жүргендер мәселесі шешілмек.
Айқын ҚОҢЫРОВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: «Қазақстан Халық партиясы Үкіметті әркімнің өз үйін салуына жағдай жасауға шақырады. Жер учаскелерін беру маңызды, өмірлік міндет, ол жеке бағдарламаға немесе ұлттық жобаға лайық. 20 сотық жер бөлуді кедейшілікпен күрес және Қазақстанда ауқатты қоғам құру міндеттерін шешудің жолы ретінде қарау керек».
Қала берді халық қалаулылары мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру керек деп отыр. Депутаттық сауал жолдаған Қазыбек Иса тұрғындардың 78 пайызы қазақ тілін қолданатынын айтады. Алайда, қызмет көрсету не мемлекеттік орындарда қарым қатынас тек ресми тілде жүретініне ашынады.
Қазыбек ИСА, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: «Мемлекеттік тілдің мәртебесін жеке дара анықтайтын уақыт жетті! Ал қазір Тәуелсіздігімізге 30 жыл толып отырғанда мемлекеттік тіл туралы өз статусын толыққанды атқара алмаған заңымыз демографиялық және демократиялық заңдылықтармен өз күшін жойып отыр… Суға түспей жүзуді үйрену қандай мүмкін болмаса, мемлекеттік тілді міндеттемей, оны үйрену де сондай мүмкін емес! Ал ешбір заңда не бағдарламаларда, мемлекеттік органдарда міндетті түрде мемлекеттік тілді білу туралы норма жоқ».
Жауаптылар мәслихат депутаттарының да мәртебесін көтеретін кез келді деп отыр. Және бюджет тағдырын сеніп тапсыратын жандардың біліктілігін арттыру керек дейді.
Назерке Үкібасова