«Қоян өсіруді мал шаруашылығы бағыты ретінде енгізу керек»

477

Қоян өсірумен айналысатын  Екатерина Макарова  Қазақстанда қоян өнеркәсібі толыққанды мал шаруашылығы ретінде танылмаған,  мемлекет тарапынан ешқандай қолдау қаралмағанын айтады.

Фермер өз саласындағы өзекті мәселелерге  тоқталды: «Бүгінгі күні сала өздігінен дамып келеді, тіркелмеген шаруа қожалықтарының белгілі бір саны бар, мемлекет тарапынан олардың қызметі  реттелмеген. Қоян өнімдеріне сұраныс жыл сайын артып келеді. Соңғы 2 жылда  нарық көлемі бес есеге  өскен. Бұл өнімге көрші Қырғыстан мен Өзбекстанда  да сұраныс жоғары. Қоян еті диеталық болып саналады, және ас қазан, бауыр, жүрек-қан  тамырлары аурулары бар азаматтарға ұсынылады. Қазақстанда өнімге деген  сұраныстың артуына  байланысты  өндірістік қоян өсіру дами бастады. Бүгінде республикадағы  135 жуық шаруа қожалықтарының 44-і Шымкентте  жұмыс атқаруда.  Басты қиындықтардың бірі  экспортқа  шығарылатын өнімге  құжаттарды рәсімдеу  өте күрделі  мемлекет тарапынан қолдау жоқтың қасы. Мысалы, Өзбекстан  қоян өсіруді мал шаруашылығы бағыты ретінде енгізген. Мұнда  фермерлерге субсидия беріледі. Және ірі ферма салуда. Жақында  қоян етінің алғашқы  партиясы Ресейге экспортталады. Ал біз үкімет қашан  нақты шаралар  қабылдайды екен деп күтудеміз».

Естеріңізе сала кетейік бұл мәселені   фермерлер  кәсіпкерлер палатасында өткен үш комитеттің  біріккен отырысында көтерді.

Шынар Оразова