Шымкентте 6 мектеп карантинге жабылды

149

 

Шымкент қаласында 2021 жылғы 1 қаңтардан 1 ақпанға дейін оқушылар арасында COVID-19 ауруының зертханалық расталған 39 жағдайы тіркелген.

2020-2021 оқу жылының басынан мектеп оқушылары арасында коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі – КВИ) 64 жағдайы тіркелді. Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті  КВИ-дің барлық тіркелген жағдайлары бойынша эпидемиологиялық тексерулер жүргізеді. Осылайша, КВИ – дің 64 жағдайының 18 – і күндізгі (оффлайн) режимде, 46 оқушы қашықтықтан (онлайн) форматында оқығаны анықталды.

Департамент КВИ таралуын болдырмау мақсатында барлық қажетті эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізді, оның ішінде мектептерде қорытынды дезинфекция жүргізілді және 13 мектепте 14 күнге карантин жарияланды.

Бүгінгі таңда 6 мектепте карантин жарияланған, олар — №18, №6, №66, №104, Назарбаев Зияткерлік физика-математика мектебін және №35 мектеп.

Аумақтық басқармалардың мамандары тұрақты негізде қала мектептерінде санитариялық-эпидемияға қарсы талаптарды сақтау бойынша коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмауға бағытталған санитариялық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Жалпы білім беру объектілері күшейтілген санитариялық-эпидемиологиялықжағдайда жұмыс атқаруда.