Түркістан қаласы оқушылары арасында өткен пәндік олимпиада қорытындыланды. Жыл сайын өткізілетін дәстүрлі білім бәйгесі төрт күнге созылған болатын.
Түркістан облысы «Адами әлеуетті дамыту басқармасы», «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен өткен шараның мақсаты – дарынды балаларды анықтап, білім алып жүрген жас жеткіншектердің білім сапасын арттыру.
Республикалық пәндік олимпиаданың қалалық кезеңі С.Рахимов атындағы жалпы орта мектеп базасында 15 пән бойынша өтті. Жалпы, 438 оқушы қатысып, олардың ішінде 220 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, I орын иегерлері саны 45 оқушыны құраса, оның 42-і облыстық олимпиадаға қатысуға мүмкіндік алды.
Сонымен қатар, ІІ орын — 70 оқушыға, ІІІ орын — 105 оқушыға жүлделі сыйлықтарымен бірге табысталды.