10 балалы ана үйіне келді

185

Шымкенттік Айжан Пайшанова апта бұрын 10-шы баласын дүниеге әкелген. 40 жастан енді асқан батыр анаға көпшілік тәнті болды. Сөзінше, тосын жаңалыққа туыстары да таң қалған. Өзі де 10 перзенттің анасы атанам деп күтпеген екен. Жаратқанның бұйыртқаны деген батыр ана әр перзенттің өз несібесі барына сенеді.

Көпбалалы ананың тұңғышы қазір 20 жаста. Перзентінің екеуі студент болса, қалған үшеуі мектепте оқиды. Одан кейінгілері мектеп жасына жетпеген ойын балалары. Осылай деген ананың өзі үй шаруасында. Ал, отағасы карантинге дейін құрылыста жұмыс істеген. Алайда, пандемия басталып, жұмыссыз қалған азамат қазір таксиші болып, отбасын асырап отыр.

«Алтын алқа» иесі мемлекеттен әр балаға берілетін көмектен өзге әзірге ештеңе алмайтынын айтады. Мереке қарсаңында тілшілер назары ауғанына өз ризашылығын білдірді.

Назерке Үкібасова