Úı Kompanııa jańalyǵy SILKWAY университеті дзюдодан жарыс ұйымдастырды

SILKWAY университеті дзюдодан жарыс ұйымдастырды

Шымкентте күрестен жастар арасындағы жарыс өтті. Сайысты SILKWAY университеті ұйымдастырды.

Жарысқа жиналған 20 балуан бәсекеде барын салып, бақ сынады. Солардың бірі — Ағзам Расулов. Спортшы жеңіс үшін келгенін айтады. Сөзінше, қарсыластары да осал емес.

Ағзам РАСУЛОВ, спортшы: «Менің басты — мақсатым чемпион атану. Одан кейін олимпиадаға бару.»

Жарыс ұйымдастырушыларының бірі SILKWAY университеті өкілдерінің сөзінше, күрес түрлері жаңғыра берсе, өткізілетін жарыстардың да саны артпақ.

Жарыс жеңімпаздарын білікті төрешілер анықтайды.

№ KZ80LAA00012923 лицензиясы 02.03.2016 ж. ҚР ҒжБМ берілген