Түркістан әуежайынан алғашқы халықаралық рейс ашылды

179

Наурыз мейрамы қарсаңында еліміздің рухани астанасы Түркістан қаласынан Ыстамбұлға алғашқы халықаралық тұрақты рейсі ашылды.

Алғашқы халықаралық рейсті Fly Arystan әуе компаниясы орындады. Енді Түркістан және Ыстамбұл қалалары арасында аптасына екі рейспен, жұма және жексенбі күндері әуе кемесі тұрақты түрде ұшып отырады. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов қатысып, жолаушылар сәттілік тіледі.

«Жаңа әуе бағыты Түркия мен Қазақстанның арасындағы халықаралық және сауда-экономикалық қатынастардың нығаюына, туризмнің қарқынды дамуына түрткі болады. Ал, «Атырау-Түркістан» бағыты еліміздің батысы мен оңтүстігін байланыстырып, екі өңірдің дамуына жаңа серпін береді. Ендеше, бүгінгі тарихи сәттің куәсі болған баршаңызды Түркістан халықаралық әуежайынан Стамбул және Атырау әуе бағыттарының ашылуымен шын жүректен құттықтаймын!»,-деді облыс әкімінің орынбасары.

Алдағы уақытта Түркияның Ыстамбұл қаласына барар рейстер аптасына күн сайын орындалады. Билет құны 39 999 теңгеден басталады. Түркістан – Ыстамбұл алғашқы рейсіне 176 билет сатылған (98%).

Hazret Sultan Airport халықаралық əуежайына Атырау қаласынан Түркістанға алғашқы әуе рейсі ұшып келді. Алда еліміздің өзге қалаларына және шет елдерге әуе рейстерін ашу жоспарланып отыр. Жол жүру билеті Атырау қаласына 9 мың теңгеден басталады. Әуе рейстерінің қозғалыс кестелері туралы ақпараттарды Түркістан халықаралық әуежайынан, «Флай Арыстан» авиакомпанияның ресми сайттында алуға болады.
Биыл жылдың екінші тоқсанынан бастап түркі әлемінің рухани орталығы ретінде Түркістанды 10 облыс орталығымен (Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Өскемен) аптасына 53 рейспен байланыстыру жоспарланып отыр.

QAINAR KÓZТүркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі