Түркістандық фермерлер ет өнімдерін экспорттауда

192

Бүкіл әлемде тараған коронавирус індетіне қатысты жергілікті жерлерде енгізілген карантин шаралары фермерлердің жұмысына  кері әсерін тигізді. Алайда осыған қарамастан,Түркістан облысы ірі қара мал етін экспорттаудан республикада  көш бастап тұр. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өңір 5,4 мың тонна мүйізді ірі қара етін экспорттады. Бұл респубика бойынша ірі қара еті экспортының 74% құрайды. Сондай-ақ қой еті экспортының 38 пайызы  Түркістан облысына тиесілі. Жыл басынан бері екі айда 454,5 тонна сиыр еті, 84 тонна қой еті, 400 тонна құс еті экспортталды. Бұл көрсеткіштерге үкімет тарапынан көрсетіліп отырған қолдаудың арқасында қол жеткізілді»,- дейді жергілікті фермерлер.
Заманбек ҚАМБАРОВ, Сайрам ауданындағы ірі шаруашылықтың өкілі:» Серіктестік 2016 жылдан бері ет өнімдерін экспорттаумен айналысып,  үздік нәтижеге қол жеткізіп келеміз. Сайрам ауданы мал шаруашылығымен танымал. Былтыр  карантин шараларының салдарынан 460 тонна ет өнімі, оның ішінде  270 т. қой еті экспортталды. Биыл  екі айда 300 тонна экспорттап  үлгердік. Жалпы күніне 12 тонна ет өнімдерін әзірлеуге қауқарлымыз».

Шынар Оразова