Тұрғындар табиғи газдың өшірілуіне наразылық таныттты

101

2021 жылы 29 сәуір күні сағат 22:30 шамасында Республика даңғылы бойындағы көпқабатты үйлердің тұрғындары өз үйлерінің ауласына жиналды. 15-ке жуық тұрғын №10, 12, 14, 16, 18, 20, 20 «А» (барлығы 480 абонент) үйлердегі газдың өшірілуіне наразылық танытқан.

Қазіргі уақытта «ҚазТрансГаз» АҚ қала бойынша тұрмыстағы газ қолдану кезіндегі келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында дайындық жұмыстарын жүргізуде. Өткен жылыту маусымында уланудың 492 жағдайы тіркелген. Осыған орай, мамандар ҚР «Газ және газбен жабдықтау» заңына сәйкес, газ тұтыну жүйелеріне және газ жабдығына техникалық қызмет көрсетуге арналған келісім шарты жоқ тұтынушылар газ жүйесіне қосылмайтыны жазылған.

Сондай-ақ, ҚР «Газ және газбен жабдықтау» заңына сәйкес үй-жайлардың түтіндік және желдеткіш арналардың жарамды техникалық күйде болуы міндеттелген. Сол себепті түтін мен желдеткіш түтіктерді тазартуға арналған актін қамтамасыз ету қажет.

Бүгінде Республика даңғылы бойындағы 480 абонент «ҚазТрансГаз» АҚ-ның газбен жабдықтау үшін жеке келісімшарт жасамағандығы себебінен газ өшірілген.
Кемшіліктерді жою үшін, тұрғындардың тез арада ҚазТрансГаз» АҚ-мен жеке келісімшарт жасауы қажет екендігін түсіндірілуде.