«Бастау-бизнес» оқу курстарына жолдама беріледі

150

Халықты жұмыспен қамту орталығы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 2-ші бағыты шеңберінде «Бастау бизнес» оқу курстарына жолдама берілетінін хабарлайды. Санитарлық-эпиедмиологиялық жағдайға байланысты азаматтарға жолдама беру онлайн форматта жүзеге асырылатынын мамандар ескертеді.

Майя АЛИБЖАНОВА, қалалық халықты жүмыспен қамту орталығының баспасөз қызметінің басшысы: «Үміткерлер жеке куәлігі мен өтінішін Телеграм желісіндегі «БастаубизнесБот» мекен жайы бойынша 19 сәуір күні таңғы 9:00 -ден 19.00 дейін тапсыра алады. Өтініштер 1900 азаматтан өтінім түскенше қабылданады. Оқу 26 сәуірде басталады».

Оқыту курстарына төмендегі санаттағы азаматтар қатыса алады:
жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан жұмыссыздар, кәсіпкерлік әлеуеті бар және ауылдық елді мекендер мен аудан орталықтарында тұратын өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар;
ҚР Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары болып табылады, оның ішінде:
✔️- ауылдық елдімекендерде, қалаларда, оның ішінде моно және кіші қалаларда тұратын адамдар;
✔️- мүмкіндігі шектеулі жандар, егер медициналық қорытынды бойынша денсаулығы еңбек міндеттерін орындауға кедергі келтірмесе, не олардың денсаулығына және (немесе) басқа адамдардың еңбек қауіпсіздігіне зиян келтірмесе;
✔️- зейнеткерлік жасқа жетпеген елу жастан асқан адамдар;
✔️- жастар, сондай-ақ NEET санатындағы жастар;
✔️- табысы аз және/немесе көпбалалы отбасылардың мүшелері;
✔️- ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеген мүшелері;
✔️- қоныс аударушылар және оралмандар.
Оқу мерзімі 21 күннен аспайды. Өткен жылы «Бастау-бизнес» жобасына 2820 адам жолданып, оқытылды.

Шынар Оразова