Елбасы кітапханасында «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы атты» халықаралық бейнеконференция өтуде.
Жиынға қазақстандық және шетелдік мемлекет қайраткерлері мен ғалымдар қатысып жатыр. Конференцияда сөз алған Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Тәуелсіздік алған жылдардан бастап Түркістанды түлету, Түркі халықтарына ортақ рухани орталық дәрежесіне лайықты ету – Елбасының арманы әрі мақсаты болғанын айтты.
2017 жылы Түркістан қаласы «Түрксой» Халықаралық ұйымының ұйғарымымен «Түркі елдерінің мәдени астанасы» болып жарияланғанын атап өткен Өмірзақ Естайұлы пандемия толықтай аяқталған соң Түрксой ұйымымен бірлесіп, Халықаралық деңгейдегі іс-шараларды рухани шаһарда өткізу туралы жоспарымен бөлісті. Сөз соңында Түркістан облысының әкімі Түркістанды барлық бағытта дамыту жұмыстарына белсене атсалысуға шақырды.
Шынар Оразова