Қайтарымсыз гранттың қайырымы мол

225

Шымкент қаласының тұрғыны Диана Жайлаубаева «Еңбек» бағдарламасы бойынша берілген қайтарымсыз грант иелерінің бірі.

Ол қалалық жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркеліп, қосымша «Бастау бизнес» оқу курсын тәмамдайды. «Қолөнер бұйымдарын жасау ісі» бойынша қайтарымсыз грантқа өтінімін білдіріп, комиссияның шешімімен құжаттары мақұлданған. Нәтижесінде мемлекеттік гранттың иегері атанады.

Бүгінде Д. Жайлаубаева «Еңбек» бағдарламасы бойынша берілген қайтарымсыз грант қаражатына тігін машиналары, манекендер мен тағы да басқа қажетті материалдарды сатып алып, қолөнер студиясын ашқан. Өзі кесте тігу өнерін жетік меңгерген қолөнер шебері.

Ісмер ұлттық нақыш пен заманауи үлгіде қолөнер бұйымдарын әзірлеп, кесте тігеді және ою-өрнектерімен әшекелейді. Осы уақытқа дейін бас киім, сөмкелер және тағы да басқа дүниелерін әлеуметтік желі парақшасы арқылы ұсынып келген. Өз кәсібін одан әрі дамыту мақсатында мемлекеттің қолдауына жүгінген ол қазіргі таңда бірнеше адамды жұмыспен қамтып отыр.

Үш баланың анасы бұл жетістігімен шектелмей, алдағы уақытта қолөнер шеберханасын дамыту жоспарлары көп екендігін айтады.

QAINAR KÓZШымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі