Үндістанда стенд және оқ атудан әлем кубогы аяқталды. Рейтингтік жарыста шымкенттік мергендер де бақ сынаған болатын. Нәтижесінде жерлестеріміз 6 медальға қол жеткізіп, туған жерге оралды.
Шымкенттік мергендер әлем кубогынан олжалы оралды. Үндістанда өткен жарыста жерлестеріміз ел намысын қорғаған болатын. Және рейтингтік бәсекеде 6 медальға қол жеткізіп, командалық есепте алтыншы орынға тұрақтады.
Бәсеке нәтижесінде бұрымдылар күміс жүлдеге ие болса, ерлер қола жүлдені қанағат тұтты. Ал, бапкерлер сөзінше қатысушылар қарқыны қарымды болған. Осыған қарамастан шымкенттік мергендер сәтті өнер көрсетіпті. Айта кетейік, Ұлттық құрама сапында сынға түскендердің басым бөлігі үшінші мегаполис спортшылары.
Сонымен, Үндістанның Нью-Дели қаласында әлем кубогының нәтижесінде шымкенттік мергендер 1 алтын, 3 күміс және екі қола қанжығалап оралды.
Назерке Үкібасова