Таңның атысы кештің батысы тынымсыз еңбек ететін. Жетісай ауданы «Жылы Су» ауылдық округі« Әл Фараби» елді мекенінің дихандары, ақпан айының басында шаруаға тиімді ауа-райын пайдаланып еккен қырыққабаттарының алғашқы өнімін Түркістан облысы бойынша алғаш болып сатылымға шығарды.

«Қыс айының тиімді уақытын пайдаланып өзімдің шаруа қожалығымызға тиесілі жердің10 гектарына, қырыққабаттың 50-55 күнде ерте пісетін «Зарисма» сортын ектік. Мұнда егілген көшеттердің барлығы өзімдің жылыжайда өндірілген. Жалпы 10 гектарға егілген өнім көлемі 40 центнерді құрап отыр. Бұл дегеніңіз кеткен шығындарымыз толық ақталғанын білдіреді» дейді «Әл Фараби» шаруа қожалығының төрағасы Сәбденов Бекзат. Жетісай ауданы бойынша биыл 1080 гектар аумаққа ерте пісетін қырыққабат егілген.

«Өздеріңіз білетіндей біздің аудан аграрлы аймақ. Негізгі күнкөріс көзі егін шаруашылығы болып табылатын ауданның халқы 78500 гектар аумаққа егін егеді. Бүгінгі таңға дейін аудан бойынша 1300 гектарға көкөніс 10 мың гектар аумаққа бақша дақылдары егілген. Бұл артылған қырыққабат өнімдері Беларусия мемлекетіне жөнелтілетін болады» дейді Жетісай ауданы ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Абуов Марат. Қосымша айта кететін болсақ, былтыр аудан дихандары 36 мың тонна қырыққабат өнімін өндірген.

QAINAR KÓZЖетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі