Шымкент: Жанармайды алып-сату үшін алаяқтық жолмен ақшаны алған азамат ұсталды

183
фото Yvision.kz

 

2021 жылдың 6-мамыр күні Шымкент ҚПД Абай ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғаны туралы арызданған.

Белгілі болғандай, ер-азамат жәбірленушінің сеніміне кіріп, жанармайын арзан бағада сатып алып, оны қымбат бағада сатып бизнеспен айналысамыз деп алаяқтық жолмен 1 500 000 теңгеден астам ақшасын алып, қайтармай жүрген.

Шымкент ҚПД Абай АПБ Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел іс-шарасын жүргізу барысында ер-азаматтың мекенжайын анықтап, ұстады.

Аталған жайтқа қатысты полиция қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оның нәтижесі бойынша ұсталған азаматтың іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі.

 

QAINAR KÓZШымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі