Ауыл мен қала мектептерінің арасы жер мен көктей

247

 Білім беру саласы пандемия кезінде ең өзекті мәселеге айналған сөзсіз. Әріптесім Әлихан Файзханов Түлкібас ауданындағы білім беру саласын қаншалықты деңгейде екенін көріп қайтқан болатын. Айта кетейік, Түркістан облысы қолайлы «жасыл аймақта». Сондықтан да бұл өңірде оқыту жүйесі офлайн режимінде өтуде.

Түлкібас ауданындағы бұл мектеп ең көне оқу орындарының бірі. Мұнда бастауыш сынып оқушылары білім алады. М. Лермонтов атындағы мектепке 15 жыл ішінде бірнеше рет жөндеу жұмыстары жүргізілген, бірақ сонда да мұндағы проблема азаяр емес.

Жарас Төребеков, Түлкібас ауданы М. Лермонтов атындағы жалпы орта мектеп директоры:  «Өшірілмейді үнемі қосулы тұрады міне. Біз осы тек мектеп ғимаратында қолданамыз».

Білім бөлімі құдықтағы суды тазалауға уәде беріп отыр. Сонымен қатар, білім ұясын күрделі жөндеуден өткіземіз дейді.

Қадырбек ЕРЖАН, Түлкібас аудандық білім бөлімінің басшысы: «М. Лермонтов жалпы орта мектебінің бұрынғы пайдаланылған ғимараты күрделі жөндеу жұмыстарынан өткен. Бұл жаңағы шатыры, сонымен қатар едендері ауыстырылған дәліздегі, біраз ақаулықтар орнына келтірілген. Бұл жерде санитарлық талаптардың барлығы сақталған, дегенмен де күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді».

Ал бұл аудан орталығында орналасқан Ломоносов атындағы мектеп-гимназия. Мұндағы қауіпсіздікті күзет пен ақылды камералар бақылайды. Оқушыларға негізгі пәндерден бөлек, техника роботы сабағы да беріледі.

Қадырбек ЕРЖАН, Түлкібас аудандық білім бөлімінің басшысы: «60 білім беру мекемесінде бізде 23256 бала білім алып жатыр, оның ішінде 543 бала қазіргі таңда қашықтықтан білім алып жатыр ата-аналардың өтініші бойынша».

Ауданның бас ұстазының айтуынша, пандемия мен оқу жүйесінің қиыншылығына қарамастан, оқу жылын шәкірттер жоғары нәтижеде аяқтауда.