Түркістан: «Алтын белгіге» 2 мыңнан аса түлек үміткер

106

Биыл Түркістан облысы бойынша 287 46 түлек білім ұясынан түлеп ұшпақ. Оның 2 мыңнан астамы “Алтын белгіге”, тағы 1329 үздік аттестатқа үміткер. Осылай деген облыстық сала жауаптысы ол үшін 3 мектептің ұйымдастырылғанын айтады. Осылайша мамандар карантин талабын сақтай отыра білім сынағын өткіземіз деп отыр.

Ардақ МӘДІХАНҚЫЗЫ, Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасары: «Өңірімізде 9-10 сынып оқушылары 28 мамыр, 2 және 5 маусым күндері білім сынағын жазбаша түрде тапсырады. Ал, 11-12 сынып оқушылары 1, 4, 7, 10 маусым күндері сынақтан өтеді. Ал, «Алтын белгіге» үміткерлердің емтихан жұмыстарын басқарма тарапынан құрылған комиссия қарайтын болады. Бұл жұмыстарға 312 білікті мұғалім қатысады деп жоспарланып отыр».

Бұдан бөлек, басқарма басшысының орынбасары жазғы мектептер жағдайын да баяндады. Сөзінше аптап ыстыққа дейін ұзартылған сабаққа оқу үлгерімі төмен оқушылар қатысады. Еске салайық, осыған дейін білім және ғылым министрі мектептегі сабақтың 19 маусымға дейін созылғанын айтқан еді.

Назерке Үкібасова