Еңбекші ауданындағы 32 ауланы жөндеуге 436 млн. теңге керек

181

Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ілиясов та жарты жылда атқарған жұмыстарына есеп берді. Еңбекші ауданындағы құжат ресімдеуден бастап коммуналды жүйеге дейінгі проблемалары қалай шешілетінін айтып берді.

цШымкент қаласының Еңбекші ауданында құжаты ресімделмеген жер телімдері мен үйлер бар. Инфрақұрылым және коммуналды жүйе проблемалары да жетерлік. Мұның көбі қалаға қосылған елдімекендерге тән проблемалар екен. Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ілиясов жартыжылдық есеп беру жиынында мұның барлығы да шешіледі деп айтты.

Ғалымжан Ильясов, Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі: «Аудан бойынша бюджет түсімі ұлғайып отыр. Бюджетке 2021 жылдың 4 айында 113 млн. теңге жиналып, өткен жылмен салыстырғанда 22 пайызға артып отыр. Инфрақұрылым 13,8 млрд. теңге барлығы 63 млрд. теңге».

Аудан әкімі 2022 жылы Еңбекші тұрғындары 100 пайызы таза, сапалы ауыз сумен қамтылатынына уәде етті. Әйткенмен табиғи газ жайы әліге дейін шешілмей келеді. Әкім мұның себебі былай түсіндірді.

Қаланың қазіргі 2 газ тарату станцияларының қуаты талапты деңгейде газ қысымымен қаматамасыз ете алмайды. Егер де сағатына 230 куб беру керек болса қазір тек 180 куб қана бере алады.

Аудандағы 32 көпқабатты үйдің тозығы жеткен аулаларын жөндеу және балалар ойын алаңшаларын қайта орнату үшін әкім аппаратының мамандары аулаларды аралап, сызбасын дайындапты. Енді соны орындауға бюджеттен 436 млн. теңге сұралып отыр. Өтінім де беріпті. Әкімнің сөзінше, жоспарланған жұмыс бюджеттен қаржы бөлінуіне қарай атқарылады екен.

Камила Есенғали