Шардарадағы жолдың сапасы қатаң бақылауда

289

Шардара қаласы бойынша биылға жоспарланған жол жөндеу жұмыста­ры басталды. Жергілі­кті бюджет қаржысы есебінен, жалпы ұзынд­ығы 16 шақырымды құр­айтын 31 көше жол ор­та жөндеуден өтеді.

Тағы бес көшені жөнд­еуге жергілікті бюдж­еттен тиісті қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу шаралары ұйымдастырылуда. Жолдың сапасы қатаң бақылауда. Атқарылып жатқан жұмыстардың нормативтерін қатаң сақтап, сапасыз жұмы­стардың алдын алу мақсатында, индуст­рия және инфрақұрылы­мдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» шаруашыл­ық жүргізу құқығында­ғы республикалық мем­лекеттік кәсіпорнымен бірлесіп, жол жабы­нына сараптамалар тұ­рақты жүргізіліп, ба­қылауға алынған.

Шынар Оразова