Ағымдағы жылы Шымкентте 18 мың тұрғын кәріз жүйесіне қосылады. Қазір 13 нысанның құрылысы жүргізілуде.
3 магистральды кәріз коллекторының және 10 ішкі орамдық жүйенің құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Биыл 3 шағынауданның және 1 магистральды кәріз коллекторының құрылысы аяқталып, Самал-1, Солтүстік Шығыс және Наурыз шағынаудандарының 18 мың тұрғыны кәріз жүйесіне қосылатын болады.
Айта кетейік, қаладағы 81 шағынауданның 18-і кәріз жүйесімен қамтамасыз етілсе, 63 шағынаудан әлі қамтылмаған.
Олжас Айдарбек