Шымкентте күн сайын коронавирус инфекциясын жұқтырушылар саны көбейіп келеді. Жансақтау бөліміндегі орындар бос емес. Дәрігерлер биыл емдеу протоколдары әзірленген ковидпен ғана емес, оның қауіпті түрі — дельта штамымен күресіп отырғандарын атап өтті. Себебі жағдайы ауыр науқастар көбейіп келеді.
Бұл №2 қалалық ауруханадағы ковид індетімен күн сайын жағдайы ауыр науқастар түсуде. Бұл видеоны жазған дәрігер жансақтау бөліміндегі 25 орынның ешқайсысы бос еместігін, ал науқастар әлі де келіп жатқанын айтады. Жағдай одан әрі күрделеніп жатыр. Себебі пациенттерде коронавирустың мутацияланған түрі дельта штаммы болуы мүмкін.
Ержан Мұсаев, №2 қалалық аурухананың ковид бөлімінің дәрігері: «Көптеген науқастар ауруханаға ауыр жағдайда жатқызылады, олардың саны күн сайын артып келеді. Көпшілігінде іштің ауруы, көру және есту қабілетінің төмендеуі, дене қызуының көтерілуі, ентігу, буындардың ауруы және дельта штаммына тән көптеген басқа белгілер бар. Сондықтан, сіздерден өзіңізді күтуіңізді сұраймын».
Қалалық денсаулық сақтау басқармасындағылар вирус жұқтырғандардың саны 100% вакцина салдырмағанға дейін жалғаса беретінін айтады. Ақ халаттылар телефон арқылы дәрігермен байланысуға қатаң тыйым салады, өйткені тексеруден өтпей дұрыс ем түрін тағайындау мүмкін емес.
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қала тұрғындарын өзін-өзі емдеумен айналыспауға шақырады.
Бақытжан Позилов, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы: «Біріншіден, сізде тұмауға ұқсас ауру болса, яғни бұл мұрыннан су ағу, дене қызуының көтерілуі, буын аурулары. Ең алдымен сізге медициналық көмекке жүгіну керек. Ешқандай жағдайда дереу дәріханаға бармаңыз немесе өзіңіз интернеттен көріп ем қабылдауға болмайды. Сондықтан, құрметті қаламыздың тұрғындары, қонақтар! Сіз коронавирустық инфекциясынан өзіңіз емделе алмайсыз — бұл өте қауіпті ауру».
Шымкенттің бас дәрігері вакцинация қалыпты өмірге оралуға көмектесетінін тағы бір еске салды. Одан өзге бірнеше қарапайым ережелер бар. Оның біріншісі — өзін-өзі емдеуге және тойға баруға тыйым салу. Сондай-ақ, бетперде кию, оның өзін әр үш сағат сайын ауыстыру керек.
Олжас Айдарбек