Тойдан тыйылмағандар айыппұл арқалайды

184

Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев бастаған мобильді топ аудандағы бірқатар тойханалар мен қоғамдық тамақтанатын орындарды аралады. Тәртіп сақшылары және Атамекен Кәсіпкерлік Палатасы қызметкерлерімен бірлесе Теріскей, Шымкент-Холл, Шұғыла, Ақбастау, Мерей, Мәди, Grand bereke сынды тойханалар мен Maxi burger, Lavash center, Adana қоғамдық тамақтану орындары тексерілді.

Рейд нәтижесі бойынша карантин талаптарын бұзған 4 нысан анықталып, Әл-Фараби аудандық Санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасына жіберілді.Одан бөлек ауданда құрылған 6 мобильді топ 87 нысанды аралап, 7 хаттама толтырды.
Жалпы жыл басынан Әл-Фараби ауданында 333 кәсіпкерлік нысанға хаттама түзілді. Оның 11-і жеке кәсіпкер, 2-і заңды тұлға, қалғаны жеке тұлғалар.

Барша қала тұрғындарын тәртіпке бағынып, карантин талаптарын қатаң ұстануға шақырамыз!

QAINAR KÓZШымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі