Жан түршігерлік жол апаты салдарынан комада жатқан қыздың анасы көмек сұрайды. Шымкентте өткен демалыс күндері Бәйдібек би даңғылы бойында көлік апаты орын алды.
Мотоцикл мен жүк көлігі соқтығысып, салдарынан жасөспірім қыз бен әкесі зардап шекті. Оқиға орнына дереу келген жедел жәрдем қызметі ер кісіні қалалық №1 клиникалық ауруханаға, ал оның қызын облыстық балалар ауруханасына жеткізді. Жасөспірім қыздың жағдайы ауыр.
Алмат Мейрамбекұлы, Түркістан облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары: «Қазіргі таңда науқас жан сақтау бөлімінде, жасанды желдету аппаратында ем қабылдап жатыр. Бас ми бөлшегіне және кеуде жасушасына компьютерлік томография жасалды. Жабық ми сүйегіне зақым келген, 4-ші, 5-ші, 6-ші сол жақтағы қабырғасы сынған».
Мотоцикл тізгіндеген ер адам отбасының жалғыз асыраушысы болған. Апаттан соң ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер барынша өмірін сақтап қалуға тырысқан. Бірақ, ер азаматты аурухана төсегінде жан тапсырды. Артында әйелі, 1,5 айлық сәбиі мен ауруханада жатқан қызы қалды. Ал жұбайы 1,5 айлық нәрестесімен қалып отыр. Қиын жағдайға тап болған отбасыға көмектесемін деген жандар болса, есепшот нөмерін ұсынамыз.
KASPI GOLD : 87753506341 (Абразумова Ксения Николаевна)
Карта нөмері: 4400 4301 9385 14 63
Алихан Файзханов