Ағымдағы жылдың шілде айындағы іскерлік белсенділік индексі туралы ҚР ҰБ түсініктеме берді.
Индекске қызмет көрсету секторындағы көрсеткіштің 51,1-ге дейін төмендеуі әсер етті, бұл карантин шектеулеріне байланысты іскерлік белсенділіктің нашарлауына, жаңа тапсырыстар санының қысқаруына және жеткізу мерзімінің ұлғаюына байланысты орын алды.
Аймақтар арасында шілдеде 10 өңірде іскерлік белсенділік көрсеткіші жақсарып, 7 өңірде нашарлағаны байқалды. Іскерлік белсенділіктің жоғары деңгейі Түркістан мен Ақмола облыстарында, неғұрлым төмен деңгейі – Шығыс Қазақстан облысында көрініс тапты.
Шынар Оразова