Шымкент қаласы аумағында тіркелген 250 789 жеке тұлғалардың салық салу объектілеріне есептелген мүлік салығы 1,7 млрд. теңгені құрады.

Оның ішінде, жер салығы 185 млн.тг. Ағымдығы жылдың 1-ші қаңтарынан ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің 529 бабына жеке тұлғалардың мүлік салығына өзгерістер енгізілген және жеке тұлғалардың жер және мүлік салықтарын төлеу мерзімі салық кодексінің 532 бабының 6-шы тармағына сәйкес, есепті кезең үшін келесі жылдың 1 қазанына дейін міндеттелген.

Айтып өтетін жағдай, жеке тұлғалардың жер және мүлік салықтарын уақтылы төлемеген жағдайда, пайыздарды есептеу және сот орындаушыларына салықтық бұйрықтарды өткізе отырып, мәжбүрлеу шараларын қабылдау қарастырылған, дейді Шымкент қаласы бойынша  мемлекеттік кірістер департаментінің Жеке тұлғалардың мүлік және жер салықтарына есептелген салық сомалары туралы ақпараттарды салық төлеушілер назарына жеткізу үшін, коммуналдық қызметтерді пайдаланғаны үшін төлемдерге арналған бірыңғай коммуналдық төлемдер құжаттарына (әрі қарай – ЕПД түбіртек) енгізіліп таратылуда.

Қазіргі таңда, елімізде болып жатқан пандемияға байланысты, салық төлеушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, Мемлекеттік кірістер органдарына бармай ақ, есептелген және берешек сомалары туралы ақпараттарды екінші деңгейлі банк қосымшалары арқылы (Каспий, Халық банктері) және ұялы телефон нөмірлеріне СМС-хабарламалар жіберілуде және есептелген салықтар мен берешектеріңізді онлайн банк қосымшалары арқылы төлем жүргізуге болады.

МКК Еsalyq қосымшасындағы жеке тұлғалардың алдағы төлемдерді төлеу қызметі сервисі арқылы есептелген салықтары туралы ақпараттарды білуге болады және мемлекеттік кірістер департаментінде 1414 номері арқылы «Контакт центр» орталықтарына хабарласып, барлық салық туралы ақпараттар алуларыңызға мүмкіншіліктер қарастырылған.

Шынар Оразова