Баспана бағасы көтерілмейді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қымбатшылыққа қатысты болжамды жоққа шығарды.
Бұған дейін құрылысшылар одағының төрағасы шаршы метр құны көктемде 20-30 пайызға өсетінін айтқан еді. Бұған цемент, бетон, арматура секілді материалдардың қымбаттауы себеп деген болатын. Десе де жауапты министрлік өкілдері баспана бағасының көтерілуіне негіз жоқ дейді.
Айтуларынша биыл үйдің 13-15 пайызға қымбаттауына, пандемия мен зейнетақы қорындағы ақшаның берілуі әсер еткен. Енді мұндай факторлар жоқ дейді. Тіпті құрылыс материалдарын жақын болашақта 100 пайыз өзімізде өндіретін боламыз деп отыр.
Шынар Оразова