Түркістан: Күзгі дала жұмыстары қарқынды қаржыландырылуда

191

Түркістан облысының шаруалары мемлекет тарапынан берілген мүмкіндіктерді барынша пайдалануда. Биыл аймақтағы егіс жұмыстарында жалпы сомасы 318 млн. теңгелік 4 жоба қаржыландырылды.

Солардың бірі «Бердібай» ШҚ аталған бағдарлама бойынша күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін қаражат алып, бүгінгі таңда шаруашылықта 378 бас түрлі асылтұқымды жылқы, 306 бас ақбас ірі қара және 4 360 бас Гиссар қойы өсірілуде.

Айта кетейік, Бәйдібек ауданында биыл «Оңтүстік» АИО» ЖШС-і арқылы жалпы сомасы 738 млн. теңгеге 10 жоба қаржыландырылды.

Диана Біржанова