Түркістан облысында жыл басынан бері 363,5 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді. Сонымен қатар, 10541 адам тұрақты түрде жұмыспен қамтылған. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының жүзеге асырылу барысы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен аппарат отырысында айтылды.
Жиын барысында 2021 жылы облыстық Жол картасы бойынша 110 индикатор жоспарланса, оның 25-і орындалғаны сөз болды. Сонмен қатар, аппарат отырысында «Ауыл – Ел бесігі» жобасының жүзеге асырылуы баяндалды.
2021 жылы 70 ауылдық елді мекенде 302 жобаға 16,1 млрд теңге бөлінген. Іске асыру жоспарланған жобалар аясында білім, денсаулық, спорт саласында жаңа нысандар бой көтеріп, аудан, қалаларда инфрақұрылым жаңарады.
Жыл қорытындысымен 280 нысанды пайдалануға тапсыру жоспарланса, бүгінгі таңда, 95 жобаның жұмысы аяқталып, қабылдауға дайын. Оның ішінде, 91 көше орташа жөндеуден өтіп, 4 мектепте күрделі жөндеу жасалған.
Жанерке Хумар