Түркістан облысының әкімі Түркия инвесторларымен кездесті

61

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев халықаралық «Dogus Group» инвестициялық тобының басшыларымен кездесті. Кездесудің басты мақсаты білім сапасын арттыру, ауыл шаруашылығын дамытып, жоғары деңгейдегі қайта өңдеу ісінің жаңа өндірістік бағыттарын құруға ерекше назар аудару.

Тараптар инфрақұрылым мен химия өнеркәсібі салаларын дамытуға қатысты жобаларды талқылады. Облыс басшысы Түркістан өңірінде жүзеге асып жатқан ауқымды жобаларды таныстырды.

Ал түрік инвесторы Түркістан өңірі мен облыс орталығының экономикалық даму бағытын жоғары бағалап, бірқатар жобаларға қызығушылық танытты.

Жанерке Хумар