Түркістан: Vero Cell вакцинасының 127 мың дозасы жеткізілді

35

Түркістан облысына Vero Cell вакцинасының 127 мың дозасы жеткізілді. Sinopharm компаниясы өндірген екпенің 105 мың доза екінші компонент және 22 мыңы бірінші компонент.

Аталған екпені барлық емханалар мен екпе салдыру пунктерінен қабылдауға болады. Енді облыс тұрғындары ресейлік «Спутник V», отандық QazVac, Sinopharm компаниясының HayatVax және Vero Cell, қытайлық CoronaVac вакцинасын салдыра алады.

Бүгінде І құрамды 832 504 адам қабылдады, ал ІІ компонентті – 645 073 адам салдырған. Қазір Түркістан облысында аурудың тәуліктік өсімі — 0.38 %.

Айта кетейік, облыстағы мекемелерде 8 оттегі станциясы, 400 өкпені жасанды желдету аппараты, мыңнан аса оттегі аппараты бар. Сондай-ақ, 2 айға жететін дәрі-дәрмек қоры жасақталған, 40-тан астам дәрі қоймасы мен 800-дей дәріхана бар.

Әлихан Файзханов