Түркістан қаласының оқушылары білім күнін жаңа мектепте бастады. 900 орындық білім ордасының ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев арнайы қатысты.

Салтанатты рәсімде сөз алған облыс басшысы мектеп ұжымына сәттілік тілеп, білім ошағының кілтін мектеп басшысына тапсырды.

Айта кетейік, Түркістан қаласында жаңа оқу жылын жалпы 43 білім ордасында 45 248 оқушы бастап отыр. Олардың ішінде 4 221 бүлдіршін мектеп табалдырығын бірінші рет аттап отыр. Қажеттіліктердің барлығымен қамтамасыз етілген бұл білім ордасы шәкірттерге жаратылыстану-математикалық бағытта тәлім береді.

Сондай-ақ, жоспар бойынша жалпы Түркістан облысындағы 927 білім беру ұйымы, 500 мыңнан астам оқушымен сабақты дәстүрлі форматта жалғастырады.

Бүгінде барлық оқу орындарында санитарлық нормалардың сақталуы ерекше назарға алынып, оқу ордалары қажетті дезинфекциялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Елдегі эпид жағдайға байланысты өңірдегі 84 мыңға жуық ұстаз бен 28 мыңға жуық тех.қызметкерлер толығымен екпе алған.

Айнұр Бекасанова