Түркістаннан үй сатып алушылар саны күрт көбейген. Ұлттық статистика бюросы пәтерді сату-сатып алуға қатысты тамыз айының мәліметтерін жариялады.
Оған сай сегіз өңірде алдыңғы айлармен салыстырғанда тұрғын үй саудасы бәсеңдеген. Олар Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Қызылорда, Маңғыстау облыстары мен Алматы қаласы. Ал қалған жерлерде өсім байқалады. Әсіресе Түркістан облысында бір айда пәтер сатып алу көрсеткіші 17 пайызға шарықтаған. Айта кетейік биыл жылжымайтын мүлік саудасы өткен жылға қарағанда екі еседей көбейген.
Шынар Оразова