Баланы жертөлеге қамаған тәрбиеші кешірім сұрады

120

Сарыағаш ауданының Құркелес елдімекеніндегі «Ақ көгершін» балабақшасының тәрбиешісі өзінің кінәсін мойындап, кешірім сұрады.

Естеріңізге салайық, 11 қазан күні аталған балабақша тәрбиешісі 5 жасар баланы жертөлеге қамап қойған болатын. Жағдайды өз көзімен көрген баланың анасы құқық қорғау орындарына арызданған еді. Енді, тәрбиеші кешірім сұраған соң, ата-ана да арызымызды қайтып аламыз деп отыр.

Ал, балабақша құрылтайшысы бұл мәселе бойынша шара қолданылатынын айтып, енді қайталанбайтынына сендірді. Оның айтуынша, мұндай нәрсе бұрын болмаған және осы оқиғадан соң тәрбиеші жұмыстан шығарылған.

Гүлмира Мұстафаева, «Ақ көгершін» балабақшасының тәрбиешісі: «Мені кешіріңіздер. Барша халықтан кешірім сұраймын. Баланы жертөлеге кіргізгенім рас. Барлықтарыңыз кешіріңіздерші, өтініш сіздерден. Мұндай жағдай бұдан кейін болмайды».

Гүлдана Дәурен