Елімізде мұғалімдер жетіспей жатыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі нарықтағы ұсыныс пен сұраныс жайлы зерттеу нәтижелерін жариялады.
Мәселен, қыркүйекте электронды еңбек биржасында 140 мыңға жуық бос жұмыс орны ұсынылған. Соның 18 мыңы білім саласына қатысты. Дәстүрлі оқу форматы басталғалы мектептер мен колледж және жоғары оқу орындарында ұстаздар тапшы.
Сондай-ақ, күзетшілер, жүргізушілер мен балабақша тәрбиешілеріне ұсыныс көп. Ал заңгерлер мен қаржыгерлерге керісінше сұраныс төмен. Бір бос орынға 3-4 маманнан келеді.
Шынар Оразова