Түркістан: Жыл басынан бері 1500-ге жуық жұп неке қиды

153

Түркістан қаласында жыл басынан бері 1437 неке қиылса, 49 шаңырақ шайқалған. Бұл туралы енді ғана жұмысын бастаған «Ынтымақ үйіндегі» алғашқы жиында айтылды.

Сонымен қатар, 8 айда 666 қылмыстық құқық бұзушылық дерегі тіркелген. Осы тақырып төңірегінде ой бөліскен ұйымдар қоғамдағы келеңсіздіктердің алдын алу бойынша ортақ жоспар түзіп, жұмыс жүргізуге келісті.

Айта кетейік, үкіметтік емес ұйымдарды біріктірген орталықта облыстық ақсақалдар алқасы, қалалық әйелдер кеңесі, қалалық қоғамдық келісім кеңесі, сонымен қатар ата-аналар мен педагогтар комитеті жайғасты. Ғимарат «Жеңіс» саябағында орналасқан.

Мөлдір Ибадуллаева