Түркістанның «Азық-түлік белдеуінде» екінші өнім жиналуда

80

Түркістан қаласының айналасында құрылған «Азық-түлік белдеуінде» екінші өнім жиналуда. Егілген 259 га сүрлемдік жүгеріден гектарынан 250 центнер өнім алу жоспарланып отыр.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаевтың жеке қадағалауымен «Түркістан Агро ХХI» ЖШС-нің жаңбырлатып суару технологиясымен егіліп жатыр. Жиналған жем-шөп қорымен 1 мың басқа арналған ірі қара мал бордақылау алаңын және құны 6 млрд. теңгені құрайтын «1 200 басқа арналған тауарлы-сүт фермасы» инвестициялық жобасы қамтамасыз етіледі.

Ұлан Тәжібаев, Түркістан облысы әкімінің орынбасары: «Осыдан 2,5 жыл бұрын жеке шаруашылықтарды біріктіріп, инвесторлармен қосып, ірі шаруашылықтарды ұйымдастыру мәселесін қолға алдық. Жоба үш бағытта жүзеге асуда. Жеке және қосалқы шаруашылықтарды біріктіру арқылы оларды техникалық жағынан қамтамасыз етіп, өнімділігін 2-3 есе арттыру көзделген. Жылына бірнеше өнім алып, мал азығын әзірлейді».

Әлихан Файзханов