Арыстағы жарылысқа қатысты бірінші сатыдағы соттың үкімімен 16 адам сотталған еді. 29 қараша күні әскери апелляциялық сот үкімін өзгертті.
«Қылмыстық Кодекстің 71-бабының ережелерін ескере отырып, жеті адам онша ауыр емес қылмыстар үшін ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды. Бұған дейін олар «ауыр зардаптарға әкеп соқтырған қызметке немқұрайлы қарау» бабы бойынша кінәлі деп танылған. Сот қорытындысы бойынша: Ақтанов, Омаров, Бралин, Саржанов, Ниязов, Сәрсенов және Нұрмұхамбетов қылмыс мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатуға; Оспанов, Р. Омаров, Каракальчев, Жүсіпов және Аяпбергенов қамаудан босатуға; Нұрмахамбетовке орта қауіпсіздік мекемесінде 7 жыл бас бостандығынан айыру, Әбдірахымов пен Көшеновқа орташа қауіпсіздік мекемесінде 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы, Жүнісбековке проекциялық бақылау орната отырып, 6 жыл бас бостандығын шектеуге; ал Дукоянға квазимемлекеттік сектордағы мемлекеттік қызметте 7 жылға жұмыс істеуге тыйым салуға үкім шығарылды. Қалған бөлігінде үкім күшінде қалады.
Еске салайық, 2019 жылғы 24 маусымда Арыс қаласында оқ-дәрі қоймасында жарылыс болған. Салдарынан бір бейбіт тұрғын және екі әскери қызметші көз жұмған. 200-ге жуық адам зардап шеккен, оның ішінде балалар да бар.
Гүлдана Дәурен