Úı ANONS Астық ішкі нарықты қамтуға да, экспортқа жөнелтуге де жеткілікті

Астық ішкі нарықты қамтуға да, экспортқа жөнелтуге де жеткілікті

Ауа райының қолайсыздығына қарамастан Қазақстанда 16,4 млн. тонна астық бастырылып, орташа өнімділігі 10,3 ц/га құрады.

Жаңа егіннің астығы жоғары сапалы көрсеткіштерге ие. Лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарына тапсырылған жұмсақ бидайдың жалпы көлемінің 90,5%-ы 1-3 сыныптарға жатқызылған, 2020 жылы бұл көрсеткіш 81,2%-ды құраған болатын.

Құрамында дән маңызы жоғары бидай үлесінің айтарлықтай өсуі байқалады. 3-сыныпты жұмсақ бидай көлемінде әлемдік нарықта жоғары сұранысқа ие жоғары сапалы HI-Pro бидайының үлесі шамамен 60% — ды құрайды.

Жалпы, өсірілген астық ішкі нарықты толық қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ экспортқа белгілі бір көлемді жөнелту үшін де жеткілікті.

Шынар Оразова