Азық-түліктің шекті бағасы бекітілді

249

Азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін бірқатар өңірде тауардың шекті құны бекітілді. Сауда және интеграция министрлігі Түркістан облысында күнбағыс майының литрі 632 теңге, жұмыртқаның 10 данасы 379 теңгеге дейін саудалауға болатынын хабарлады.

Сонымен бірге, Маңғыстау облысында май литрінің шекті бағасы 783 теңге болып бекіді. Тұрақтандыру қорларында 25 мың тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімі бар.

Тапшылық болмауы үшін күнбағыс майын экспорттауға 1-ші  ақпанға дейін шектеу енгізілді. Үстеме бағаны негізсіз көтерген жағдайда кәсіпкерлер 29 мыңнан 875 мың теңге аралығында айыппұл төлейтінін еске саламыз.

Айта кететін жәйт, Шымкентте күнбағыс майының 1 литрі  777-865 теңге аралығында. 3 литрлік май -2695 теңге төңірегінде болса, 5 литрлік күнбағыс майы 4177 теңгеден  сатылуда.

Шынар Оразова