Лауазымды тұлғалардың қаржы операцияларына бақылау жүргізіледі

94

Еліміздегі лауазымды тұлғалардың қаржы операцияларына заңнамалық тұрғыда бақылау жүргізіледі.

Бұрын олар қаржылық мониторинг субъектілерінің қатарында болмаған. Ұлттық жария лауазымды тұлғалар тізімін қаржы мониторингі агенттігі жасайды. Сенат қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңды қабылдады.

Қаржы мониторингі жүргізілетін нысандар қатарына майнингпен айналысатын тұлғалар да қосылады. Олар уәкілетті органға өз қызметінің басталғаны туралы ескертуге міндетті.

Шынар Оразова