Мүлік салығын төлеу мерзімі биыл қазанда аяқталғанына қарамастан, халықтың қарызы көп. Тұрғындардың жылжымайтын мүлік салығына берешегі 3 млрд. теңгеден асқан.
Төлеу мерзімі аяқталған соң, салық органдары борышкерлерге хабарлама жіберген. Қарыз сонда да өтелмеген жағдайда, ол жеке сот орындаушыларына мәжбүрлеп өндіріп алуға беріледі. Борышкердің есеп шоттары бұғатталады. Мамандар қарыздан бөлек, олардың тағы 25 пайызына дейін ақша өндіріп алатынын ескертеді.
Кірістер комитетінің хабарлауынша, мүлік салығын өтемеген 756 мың борышкер бар. Ал жер салығына 159 мың азамат қарыз. Борышкерлердің қатарында Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары бар.
Мемлекеттік кірістер комитеті,
Егер ҚР аумағында 2020 жылы сіздің атыңызға:
2020 жылы үшін мүлік және жер салықтарды жеке тұлғалар 2021 жылғы 1 қазанға дейін мүлік орналасқан жері бойынша төлеуі тиіс екенін естеріңізге салады.
Шынар Оразова